2017-2018 окұ жылында "Рухани жаңғыру" бығдарламасының іске асырылуы аясында атқарылған іс шаралар

Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№6 колледж» МКҚК «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуы аясында атқарылған іс шаралар.

Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№6 колледж» МКҚК-да Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы өз дəрежесінде жүзеге асырылып келеді. Елбасы тұтас қоғамның жəне əрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағыттарын атап өтті. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ тəрбиелеу – біздің басты міндетіміз. Озық дəстүрлерді табысты жаңғырту арқылы жастарды ұлттық-рухани құндылықтармен сусындатып келеміз. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруда білім алушыларға жаңа сапалық деңгейде білім беріп, болашақ мамандарды ашықтыққа, прагматизм мен бəсекеге қабілеттілік сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын ұстанып келеміз. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру, жас ұрпақтың бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, руханиятқа бет бұруына ықпал ету, саналы, салауатты, сауатты ұрпақ қалыптастыруға, туған жерін, елін сүюге, халқына қызмет етуге тəрбиелеу мақсатында жоспар түзіліп, оқу ордасының фойелерінде «Туған жер», «Өлкетану», «Буккроссинг» бұрыштары мен логотип, стендтер жасақталып, көптеген іс- шаралар ұйымдастырылды.

«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау.

5 қыркүйек 2017 жыл Қатысушылар саны – 75 адам

Колледждің мəжіліс залында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын ұжым арасында насихаттау жұмыстары жүргізілді. Жиынға колледж басшысы М.Джаксыкулова, колледж қызметкерлері мен колледждің І,ІІ,ІІ курс студенттері мен олардың ата-аналары қатысты.

Жиын барысында «Ұлттық сана», «Туған жер бағдарламасы, латын əліпбиіне көшудің маңыздылығы» жəне «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» қатарлы тармақтар кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, жиында мəңгілік ел болудағы рухани жаңғырудың маңыздылығы, ұлттық жаңғыртудағы жастардың ролі тақырыбында ашық əңгіме айтылды.

Рухани жаңғыру – бұл адам сана-сезімінің, сенімі мен сапасының, білімі мен өмір сүру тəсілінің көрсеткіші. Ал, жастардың рухани байлығы дегенде бірінші кезекте, олардың білімділігі, ана – тілін білуі мен мəдени деңгейі, дүниетанымдық ой-өрісі тұрады. Сондықтан да, Елбасының бағдарламалық мақаласы жастарға арналған деп ойлаймыз — деді жиынға қатысушылар.

Аталған шара соңында өлкетану жұмыстары бойынша қаламыздың көрнекті жерлеріне колледждің білім алушыларына экскурсия ұйымдастырылды.

Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай «Татулықтың түп қазығына айналған Ассамблея» атты фестивалі

22 қыркүйек 2017 жыл Қатысушылар саны — 325 студент

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын түсіндіру мақсатында «22 қыркүйек – Тілдер күніне» орай, «Татулықтың түп қазығына айналған Ассамблея» атты фестиваль өткізілді.

Іс-шара аясында өнер қырандарының концерті мен тілді білу дəрежесін меңгеретін байқаулар болды. Оған қоса, ғылыми конференциялар мен дөңгелек үстелдер де ұйымдастырылды. Кездесу барысында «Үш тұғырлы тіл» саясаты жəне латын əліпбиіне көшудің бағыттары түсіндірілді.

Сонымен қатар, кітаптар көрмесі болды, қазақ тілін үйренушілерге жетекші кеңесшілер де жоқ емес. Слайдтар мен стендтер облыстық орталықтың қызметі мен бағытын қатысушыларға айқындап берді. Іс-шара соңында мемлекеттік қызметкерлердің тобы мен оқытушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын түсіндіру мақсатында «22 қыркүйек – Тілдер күніне» орай, «Татулықтың түп қазығына айналған Ассамблея» атты фестиваль өткізілді.

Іс-шара аясында өнер қырандарының концерті мен тілді білу дəрежесін меңгеретін байқаулар болды. Оған қоса, ғылыми конференциялар мен дөңгелек үстелдер де ұйымдастырылды. Кездесу барысында «Үш тұғырлы тіл» саясаты жəне латын əліпбиіне көшудің бағыттары түсіндірілді.

Сонымен қатар, кітаптар көрмесі болды, қазақ тілін үйренушілерге жетекші кеңесшілер де жоқ емес. Слайдтар мен стендтер облыстық орталықтың қызметі мен бағытын қатысушыларға айқындап берді. Іс-шара соңында мемлекеттік қызметкерлердің тобы мен оқытушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

«Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылауға арналған жиын

19 қаңтар 2018 жыл Қатысушылар саны -75 адам

Елбасының «Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылауға арналған жиын болып өтті. Жиынға колледж студенттері, ұстаздар, қоғам белсенділері қатысты. Жиында сөз алған колледж директоры М.Джаксыкулова өз сөзінде Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы – еліміздің тарихи белесін бастаған өте маңызды құжат екендігін атап өтіп, Елбасымыз Қазақстан дамуының жаңа бағыттарын белгілеп берді. Осы кезеңде, əсіресе технологиялық, экономикалық жəне əлеуметтік салаларды көтеруге ерекше көңіл бөлінбек – деген пікірін жеткізді.

Іс-шара барысында колледж басшысы Жолдаудың негізгі 10 міндетін атап өтіп, қазіргі таңда цифрлық технологияларды медицина, білім беру, қызмет көрсету секілді салаларда кеңінен қолданылып келетінін айтып өтті. Сонымен қатар, директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Мадина Камбаровна жастарға маңызды он бағыттан тұратын Елбасы Жолдауы — жаңа мақсаттарға жетелейтін басты құжат болып табылатынын жəне де əрбір Қазақстан азаматының өмірін жақсартуға арналған бағдарлама екенін атап айтты.

Сондай-ақ колледждің топ жетекшілері «Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасы Жолдауы бойынша тəрбие сағаттарын ұйымдастырды. Онда топ жетекшілері О.Ибраимова, И.Жуманова, К.Каражанова тəрбие сағаттары барысында жолдауда көрсетілген 10 тапсырма бойынша, жеке-жеке тоқтала кетті.

Жолдауда көтерілген ауқымды мəселелер мен берілген тапсырмалар жөнінде əр студент өзара қызу талқыға салып, пікірлер айтылды, ұсыныстар берілді.

Соңында Жолдауға байланысты атқарылатын іс-шара жоспары жасалынып, колледж ұжымы осы жоспар негізінде жыл бойында жұмыс жасайтындарын, белсене қатысатындарын баса айтып, Жолдауға қолдау көрсетеміз деген патриоттық сезіммен жиынды аяқтады.

«Лидер Reader ON» кешенді шарасы

5 ақпан  2018  жыл Қатысушылар саны – 150 студент

Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында, колледж студенттері арасында кітаптың маңыздылығы, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, өмірде жақсы жетістікке жету үшін көп оқу, көп іздену керек екенін ұғындыра отырып, оларды адамгершілікке, мейірімділікке, əдептілікке тəрбиелеу, жастардың шығармашылық қабілеттерін, көркем əдебиетке деген қызығушылығын дамыту, дүниетанымын кеңейту, сана- сезімдерін, өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру мақсатында облыстық «Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен колледж кітапханасында «Лидер Reader ON» кешенді іс-шарасы өтті.

Іс-шара барысында колледжде арнайы тақтайша қойылып, əр айдың қорытындысы бойынша кітап оқыған үздік студенттердің суреттері тақтаға орнатылды. Осы секілді, «Тоқсанның 13 үздігі», «Жылдың 13 үздігі» іріктеліп,

«Сүйікті кітабыммен селфи», «Ата-анаңа кітап оқып отырған суретіңді жолда», «Балалар өлең оқиды» т.с.с. сынды жанрдағы суреттер жарияланды. Үздіктер қатарына іріктелген студенттердің ата-аналары колледжішілік жиында марапатталды.

Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында облыстық «Туған жерге тағзым» атты өнер фестивалі

4 сəуір 2018   жыл Қатысушылар саны -400 студент

Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының 2017-2018 оқу жылының жұмыс жоспарына сəйкес, Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында облыстық «Туған жерге тағзым» атты өнер фестивалі өтті.

Фестиваль мақсаты: рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласына үн қосу, талантты балаларды сахна төріне шығару, ұлттық мəдениетіміз бен əдебиетімізді насихаттау, жасөспірімдердің туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін арттыру болып табылады.

Бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқан бұл шара білім мен қоса өнерді де қатар алып жүретін №6 колледж дəстүріне айналып, білімді, өнерлі жастар мекеніне айналған.

Əйтсе де бұл байқауда колледж студенттері ерекшеліктерімен танылды. Байқауда бақ сынаған дүлдүлдеріміз жетекшілерінің шеберлікпен даярлап, баптаған еңбегін зая кетірмей, төл өнердің құдіретімен тамсандырып, қасиетті қара домбыраның құлағында ойнады.

Қатысушылар Тəуелсіздік рухын танытатын, ел, жер, Отан, ерлік, батырлық тақырыбындағы əндерді жанды дауыспен əн орындап, ерекше би сайысына, театрландырылған көрініс қою сайысына қатысып, өздерінің талантты екендерін көрсете білді.

Аталған колледж ұжымы үздіксіз жеңімпаз атанып келе жатқан үлгілі ұйымдардың қатарында жүргенін ескерте кеткен жөн. Жыл сайын өткізіліп, дəстүрге айналған облыс көлемінде өткізілген өнер фестивалінде бірнеше кəсіптік колледждер сарапқа салынып, іріктелді. Нəтижесінде түрлі талантты жастарды жарыққа шығаратын өнер сайысында аса белсенділік танытқан аудандар жүлделі орындарға ие болды.

Байқау қорытындысы бойынша ешбір күшейткіш құралдарсыз жанды дауыспен додаға түскен колледж жастары

«Үздіксіз жеңімпаз» атты дипломды иеленді. Сондай-ақ, байқауда үздік деп танылған жас дарындар жеңімпаз деп танылып, іс-шаралардың жеңімпаздары мен белсенді қатысушылары облыстық білім басқармасының алғыс хатымен марапатталып, оларға Облыстық білім беруді дамыту орталығының лауреаттық дипломдары тапсырылды.

Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Туған жер» арнайы жобасы «Саналы азамат» базалық бағытының «Отбасы əлемі» кіші жобасының аясында ақын Құрал Көмекпен «Мен даланың ұлымын» атты кездесу

27 сəуір 2018 жыл Қатысушылар саны -100 студент

А.С.Пушкин атындағы облыстық əмбебап ғылыми кітапханасында Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы «№6 колледж» МКҚК ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру дəрістері жобасы бойынша елге танымал, Халықаралық Физули сыйлығының иегері, ақын Құрал Көмектің қатысуымен «Мен даланың ұлымын» атты кездесу кеші өтті.

Іс-шараның мақсаты: қоғамдық ортада белсенділік танытып, өлкеміздің рухани дамуына үлес қосып жүрген ақынның шығармашылық жолын насихаттау.

Кеш барысында ақын шығармашылығы туралы бейнеслайд жəне кітапхана қызметкерлері дайындаған кітап көрмесі ұсынылып, басқа да қызықты əңгімелер айтылып, кеш иесіне сұрақтар қойылды. Оларға тұжырымды жауаптар да алынды. Арасында ақын өз өлеңдерін оқып, кейбір өлеңдерінің шығу тарихына тоқталып, тыңдарманға тамаша əсер сыйлай білді.

Қаламгердің қатарласы, Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Еділбай Шүкіртайұлы Көшербай көрерменге Құрал ақын туралы əсерлі əңгімелер  мен ақынға арнаған арнауын жолдады.

Колледж студенттері бірінен соң бірі сахнаға шығып, ақынның өлеңдерін нақышына келтіре оқыды.

Іс-шара барысында Құрал ақын ұйымдастырып отырған Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының №6 колледж қызметкерлеріне жəне А.С.Пушкин атындағы облыстық əмбебап ғылыми кітапхана ұжымына, жалпы көрерменге ризашылығын білдіріп, жастарға ақ тілегін арнап, студенттермен естелікке суретке түсті.

Перейти к верхней панели